Қай жерде іздейміз ?


Баға көрсеткіші

Бөлімшелер

Мамандар

Жаңалықтар

Орталық қалалық клиникалық аурухана

Главная / Отделения / Травматология бөлімшесі

Травматология бөлімшесі 1996 жылы ашылды. Мұнда жоспарлы және шұғыл травматологиялық көмек көрсетіледі. Бөлімшеде 2-4 пациентке арналған дәретханасы және жуынатын бөлмесі бар жарық әрі кең палаталар бар. Әрбір палата заманауи көпфункционалды төсектермен жабдықталған (қимыл-тірек аппаратымен ауыратын науқастарға арнайы бейімделген).

Бөлімше Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің клиникалық базасы болып табылады: травматология кафедрасы: (кафедра меңгерушісі, профессор Абдуразаков У.А.)

Бөлімше дәрігерлері дайындықтан өтті және қимыл-тірек аппараты кезіндегі кішіинвазивті араласулар әдістерін күнделікті тәжірибеге енгізді, сонымен қатар DHS, DCS түріне заманауи отандық және шетелдік металдық конструкцияны ұзын түтікше сүйек остеосинтезі кезінде қолданады.

Бөлімшеде қолданылатын әдістер:
- ахилл сіңірін терілік тігу
- ірі тамыр жарақатын артроскопиялық әдіспен емдеу
- төменгі сүйек жүйке өзегінің ескі зақымдануы кезінде реконструктивті-пластикалық ота (сіңір-бұлшықет транспозициясы)

Травматология бөлімшесі аурулар және жарақат кезінде төмендегідей көмек көрсетеді:

- Коксартроз
- Сан сүйегі бастиегінің асептикалық некрозы
- Гонартроз
- Сүйек және табан пішінінің өзгеруі
- Иықтың үйреншікті буын таюы
- Тізе тобығының үйреншікті буын таюы
- Дюпюитрен контрактуралары
- Бұғана таю және сыну
- Иық сүйегінің сынуы
- Тоқпан жілік сүйегінің сынуы
- Қол буыны сынуы
- Омыртқаның кеуде және бел бөлігінің сынуы
- Жамбас сүйегінің сынуы
- Сан түбінің сынуы
- Жамбас ұршық аймағының сынуы
- Диафиз және сан дисталды метаэпифизы
- Тізе тобығының сынуы
- Сирақ сүйегінің сынуы
- Өкше сүйегінің сынуы
- Табан деңгейінде сыну
- Бұлшықет зақымдануы және әр түрлі сіңір локализациясы
- Ахилл сіңірінің зақымдануы
- Тізе тобығы байламдарының зақымдалуы

Бөлімше қимыл-тірек аппараты жарақатымен пациенттерді заманауи сауықтыру әдісімен қалпына келтіру мамандарымен тығыз байланыста:

- физиотерапия,
- емдік дене шынықтыру ,
- массаждың  түр-түрі,
- гипербарикалық оксигенация,
- сумен емдеу,
- тұзды шахта және тағы басқалар.

  • қимыл-тірек аппараты ауруларын емдеу кезінде PiezoWave2 неміс аппаратында соққылы-толқынды терапия әдісін белсенді қолданады. Әрбір жағдайда емдеуші дәрігер қалпына келтіруші емді емдеуші дәрігермен бірігіп, сауықтыру бағдарламасын ұтымды таңдайды.

    Бөлімше дәрігерлері менискілік зақымдану кезінде артроскопиялық әдістерді белсенді қолданады. Бұл қысқа мерзім ішінде қосымша травматизацияны және буын қызметін қалпына келтіреді. Артроскопия әсіресе спортшыларға және салауатты өмір салтын ұстанушыларға ерекше көрсетілген. Буын ауруларын азайтады және тез әрі тұрақты әсер етеді.

doc-1
doc-1
doc-1

Наименование услуг Единица измерения Сумма (тг.)